Биометриялық жүйе қауіпсіздікті қаншалықты қамтамасыз ете алады (видео)
Биометриялық жүйе қауіпсіздікті қаншалықты қамтамасыз ете алады (видео)
5 жыл бұрын 4419 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кейінгі кезде технологиялық жетістіктерге байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ететін түрлі әдіс-тәсілдер мен құрылғы-құралдардың көмегіне жүгініп жатыр. Магниттік кілт, пароль қою, биометриялық тану жүйесі. Осы аталғандар ішінде биометриялық тану жүйесін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ең жетілдірілген, болашақтың жүйесі атап жүр. Шындығында солай ма? 

Биометрия — адамды дене бітімі мен түр-тұлғасына, бет-әлпетіне, жүріс-тұрысына, саусақ ізіне, көз қарашығына, дауысына қарап танитын, яғни, адамның өзіне тән әрекеттері мен табиғи жаратылысын тұлғаның жеке қасиеттерімен салыстырып (сәйкестендіру) арқылы тануға мүмкіндік беретін жүйе. Биометрикалық жүйенің әдеттегі пароль мен магниттік кілттен қандай артықшылы бар? Паролді өзге біреу естіп қоюы мүмкін немесе дәп басып теруі де мүмкін. Кілттің көшірмесін жасаудан оңай нәрсе жоқ. Ал адамның саусақ іздері бір-бірін қайталмайды. Биометрикалық тану жүйесінің артықшылығы осында. Десе де мамандар бұл жйенің кемшіліктен ада емесін айтып жүр. Мәселен, биометрикалық жүйені алдауға болады. Ол үшін саусақты кесіп алудың қажеті жоқ. Саусақ ізін де пласталин секілді жұмсақ затқа түсіріп алып, сенсорға тақасаңыз болады... Тіпті, бұған қатысты арнайы тәжірибе де жүргізілгенін айта кету керек. Vkansee компаниясының қызметкерлері биометрикалық жүйені де алдап соғуға болатына көз жеткізген еді. Олар бұл мақсатта балалардың ермексазын да, стоматологиялық силиконды да тәжірибеде пайдаланған болатын. Тіпті, аталған заттардың көмегіне жүгінбей-ақ, жоғары сапалы фотомен-ақ саусақ ізін көшіріп те алдауға болады. Мұндай тәсілді Ян Кресслер есімді неміс хакері қорғаныс министрі Урсулы фон дер Лейеннің саусақ ізінің таспасын пайдаланып, арнайы софтаның көмегімен лауазымды тұлғаның саусақ ізінің көшірмесін жасаған болатын. Адамның көз қарашығына қатысты биометрикалық жүйеге келсек, адамның көзін ойып алудың қажеті жоқ, жақсы фото-апарат пен 3D-принтері жетіп жатыр. Көз қарашығының көшірмесін жасау үшін. «Көз қарашығын түсіріп алудың ең оңай әдісі – түнгі режимде цифрлы камераның көмегіне жүгіну. Немесе фото-аппараттан инфрақызыл сүзгіні алып тастаса, жетіп жатыр. Chaos Computer Club қауымдастығының компьютер қарақшылары осындай уәж келтіріп отыр. Ол ол ма, 200 миллимтерлік цифрлы камерамен 5 метр қашықтан түсірілген көз қарашының суреті де оның биометрикалық көшірмесін жасауға жарай береді. Осы айталғандарға қарап, биометрикалық қауіпсіздік жүйесінің аса сенімді емесіне көз жеткізесіз. Яғни, классикалық қауіпсіздік жүйесі саналатын пароль мен кодтан көп артықшылығы жоқ. Паролді жаттап алсаңыз, оны сақтаудың қажеті жоқ. Яғни, оны тауып алып, пайдалану қатері жоқ.

 

0 пікір
Мұрағат