Бензинді үнемдеудің қарапайым әдістері (фото)
Бензинді үнемдеудің қарапайым әдістері (фото)
7 жыл бұрын 3959

Бензин бағасы үнемі көтеріліп жатыр. Бұл ретте бензинді өндіріп шығатын табиғи ресурстардың мәңгі емес екенін де ескеру керек. Демек, адам баласы үшін басқа да энергия көздерін іздеуіне тура келеді.

Бұл туралы zakon.kz жазады.

Осы ретте бензин шығынын үнемдеп, ақшаңызды сақтаудың бірнеше әдістерін ұсынамыз.

1. Көлігіңіздің техникалық жағдайын жақсы бақылауда ұстаңыз. Автокөлік нашар жағдайда көп бензинді талап етеді.

2. Жүріс жоспарын құрып және ең қысқа жолды есептей отыра артық жанармай жағудан құтылуға болады.

3. Желдеткішті қосу арқылы көп бензин құртасыз. Сондықтан желдеткіш қызметін де үнемдеп пайдаланыңыз.

4. Жоғары жылдамдықпен жүру кезінде терезені жабыңыз. Ашық терезе де бензин шығынын арттырып жібереді. Өйткені көліктің жылдамдығы жоғарылаған кезде терезені ашық күйінде қалдыру бензинді көп талап етуі мүмкін.

5. Дөңгелек қысымын тексеріңіз.

6. Кептелісте тұрған кезде көп бензин жағылады. Сол себепті кептелісі жоқ көшелерді таңдап алып, жұмысқа бару және қайту бағытыңызды мейлінше пайдалы тұрғыдан айқындау қажет.

7. Көліктен пайдаланбайтын керек емес заттарды шығарып тастаңыз.

8. Егер кептелісті кемі 5 минуттай тұратын болсаңыз, онда моторды өшіріп қою керек.

9. Автокөлікті ұзақ уақыт қыздырудың керегі шамалы. Әсіресе бұл жаңа көліктерге қатысты. Жаңа автокөліктер салқын жағдайда тез оталуға бейімделген.

10. Жылдам жүрудің қажеттілігі болмаса, саяхаттау кезінде баяу жүріп-ақ діттеген жеруге жетіп үйренген абзал.

11. Аса қарқынды жылдамдық – автокөлік бензинін тез тауысады.

12. Тежегішті басқаннан кейін жәй жүруге дағдыланыңыз.

13. Қымбат бензин құюдың қажеті жоқ. Көптеген автокөліктер қарапайым жанармаймен-ақ тәп-тәуір жүре алады. Тек бензиннің сіздің көлікке қаншалықты сай келетінін тексеріп, мамандардан сұрап алыңыз. Көптеген жүргізушілер қымбат бензин құр қалтаның шығыны екенін біліп, жәй бензинді пайдалана береді.

14. Көлік батып, дөңгелегі айналып тұрып қалған кезде жылдамдықты арттырмаңыз.

15. Жолай жолаушыларды тасымалдау арқылы да бензин шығынын өтеуге болады.

16. Ал егер үйге жақын маңға баратын болсаңыз, онда жаяулатып жетуге немесе велосипед қызметін тұтынуға болады.

Бір қарағанда бұл айтылғандар пайдасыз көрінуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде іске асырып көрсеңіз, көптеген шығынның орынын жапқаныңызды түсінесіз.

0 пікір
Мұрағат