Азиядағы ең биік будда ғибадатханасы түгі қалмай өртеніп кетті (видео)
Азиядағы ең биік будда ғибадатханасы түгі қалмай өртеніп кетті (видео)
6 жыл бұрын 5353

Сычуанда орналасқан көп қабатты ағаштан жасалған будда ғибадатханасы өрт салдарынан жойылды.Бұл жайында stan.kz ақпарат таратты. 

Азиядағы ең биік пагода 16 қабаттан тұратын. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ. Тергеушілер өрттің себебін анықтауы тиіс.

South China Morning Post басылымы хабарлағандай, өртпен төрт сағат бойы арпалысқан. Сол уақыт ішінде зәулім ғибадатхана күйіп-жанып кеткен ағаш үйіндісіне айналыпты.
Дұға оқуға арналған екі қабатты ғимарат та өрт салдарынан жойылды.

0 пікір
Мұрағат