Ата-ана құқығынан айыру қаншалықты дұрыс
Ата-ана құқығынан айыру қаншалықты дұрыс
5 жыл бұрын 6131 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әдетте әлемнің бірқатар елінде балаға қарамаса, бала тәрбиесіне немқұрайлық танытса, әке-шешесі маскүнемдікке салынып, ішіп кетсе, есірткіге тәуелді болса, баланы материалдық жағдаймен қамтамасыз ете алмаса, тізе берсең, осындай тағы басқа түрлі себептермен ата-ана құқығынан айырып жатады. Бұл тәжірибе елімізде де қолданылады. Еліміздің заңнамасында қарастырылған. Бұл қаншалықты дұрыс? Сауалды бұлайшы төтесінен қоюымызға әлемнің кей елдерінде баланы ата-анасынан уақытша айырып, мемлекет өз қамқорлығына алып жатады. Алайда, ата-ана құқығынан біржола айырмайды. Мұрсат береді. Ата-анасы бала құқығына қатысты талаптарға толық жауап бере алатын жағдайға жеткенде перзентін қайтарып береді. Мәселен, Швецияда «ата-ана құқығынан айыру»  ұғымы атымен жоқ. Десе де аталған елде балаларға күш қолдану, зорлық-зомбылық көрсетуге қатаң тыйым салатын заң жобасы 1979 жылы қабылданып, қолданысқа еніп қойған. Бұдан бөлек, Швеция 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқығы жөніндегі конвенцияға қосылған ел. Ол ол ма, аталған елде балалар проблемасын шешумен айналысатын әлеуметтік қызмет жолға қойылған. Баланы алты айға дейін ата-анасынан айырады. Егер жоғарыда сөз еткен жағдайлар орын алса, алайда, жарты жылдан соң ата-анасы баласын қайтарып ала алады. Қаласа.

0 пікір
Мұрағат