Америкалық сарбаз 2000-нан аса адамды жайратып салғанын мойындады
Америкалық сарбаз 2000-нан аса адамды жайратып салғанын мойындады
7 жыл бұрын 3823 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Fox News ақпарат көзі хабарлағандай, Диллард Джонсон есімді америкалық арнайы жасақ сарбазы сонау Вьетнам соғысы кезінен бері 2003 жылы Иракта 2746 сарбаз бен содырды өлтіргенін мойындады. Мерген, яғни, снайпер 121 ирак азаматын оққа байлаған екен, бұл көрсеткіш бойынша ол америкалық әріптесі 160 ирактық азаматты жер жастандырған Крис Кайлдан артта қалып қойғаны болмаса. Ол адам өлтірмеген күні болмағанын айтып мақтанды. Ең алғашқы құрбандығы - автобусқа мінген 13 жолаушы болған. Нақтырақ айтқанда, Ирактың оңтүстігінде орын тепкен Самауа қаласына таяу маңда оның оқ өтпейтін брондалған машинасына соғылған автобус турасында сөз болып отыр бұл арада. Оның осы қылмыстары үшін АҚШ-та оны қаһарман санап, 37 медалмен марапатталған екен.  

0 пікір
Мұрағат