Әлемдегі ең ұзақ, ауысып отырусыз ұшу уақыты қанша және қай қалалардың арасында?
Әлемдегі ең ұзақ, ауысып отырусыз ұшу уақыты қанша және қай қалалардың арасында?
30 күн бұрын 202 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазан айының 18-і күні авиациялық жолаушылар тасымалы тарихындағы ауысып отырусыз ең ұзақ ұшу бағыты ашылды. Нью-Йорктен Сидней мегаполисіне дейін тоқтаусыз ұшуды австралиялық Qantas әуе компаниясы жүзеге асырады. Бұл жайында TravelandTour ақпарат көзі хабар таратты. Он мыңдаған шақырымды артқа тастайтын бұл бағыт бойынша авиациялық қатынау шамамен 19 сағатқа созылады. Дәлірегі, ұшу ұзақтығы 19 сағат 14 минут болған. Әуе кемесі 309 000 шақырымда еңсеріп, 37 минутқа кешігіп қонды. Осыған байланысты аталмыш әуе компаниясы жолаушылардың және экипаджың 40 мүшесінің денсаулығы мен көңіл күйіне жіті назар аударып, ұдайы қадағалайтын болады. Егер тәжірибе сәтті аяқталса, Qantas әуе компаниясы 2022 жылы осы бағыт бойынша тұрақты ұшуды жоспарлап отыр. Әзірге ең ұзақ ұшудан Сигнапурлық әуе компаниясы жүзеге асырып жатыр: аталған елден Нью-Йоркке дейінгі ұшу ұзақтығы (ауысып отырусыз) шамамен 18 сағатты құрайды.

Ең ұзақ әуе рейсін жасаған ұшақ рекорд орнатты - Сурет: Qantas / Twitter

0 пікір
Мұрағат