Әлемдегі ең жас министр мұсылман әйел Гиннес рекордтар кітабына енді
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің жастар ісі жөніндегі министрлікті басқаратын Шамма Бинт Сухайл Фарис әл Мазруи Гиннес әлемдегі ең жас министр ретінде әлемге әйгілі Гиннес рекордтар кітабына енді. Шариғат шәлісін жамылған әйелдің жасы бар-жоғы 22-де. Ал министр болып тағайындалған кезде жасы 21-де болатын. Осынша жасына қарамастан білдей бір мекеменің шаруасын дөңгелетіп отыр. БАӘ премьер-министрі әрі вице-президенті Мұхаммед бен рашид әл Мақтұм "Жастар біздің араб қоғамының жартысын құрайды, сол себепті, оған дауыс берудің еш әбестігі жоқ" деді. Айта кетейік, 63-ші басылымы жарық көрейін деп отырған Гиннес рекордтар кітабында аталған елден 190 әлемдік рекорд тіркелген екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түріктердің алғашқы отандық KTJ-3200 турбореактивті Atmaca зымыраны сынақтан сәтті өтті
■
CerebraAI стартапы Сауд Арабиясында $150K Community LEAP сыйлығын жеңіп алды
■
Сауд Арабиясының 200 мектебі қазақстандық CodiPlay технологиясын қолданатын болады
■
Араб ғалымдары ауадан су алудың әдісін тапты
■
Бірде-бір басатын түймесі жоқ ноутбук жұртшылық назарына ұсынылды (видео)