Әлемдегі ең арзан әуе компаниясы анықталды
Әлемдегі ең арзан әуе компаниясы анықталды
5 жыл бұрын 2060 7kun.kz Таңшолпан Ғазизқызы, traveldailymedia, sawadee.today

Малайзиялық AirAsia лоукостері Skytrax британдық маркетингтік компаниясының нұсқасы бойынша 2019 жылғы үздік бюджеттік әуекомпаниялардың рейтингінде көш бастап тұр.

Екінші орында британдық тасымалдаушы easyJet, ал үшінші орынға норвегиялық Норвегия әуе компаниясы ие болды.

Сондай-ақ, үздік 10 бюджеттік әуе желілерінің рейтингіне американдық Southwest Airlines, AirAsia X, австралиялық Jetstar Airways, канадалық WestJet, Үнді Indigo, ирландиялық Ryanair және неміс Eurowings кірді.

Әлемдегі ең таза әуе компаниясы аталды

«Skytrax» авиациялық сервисті бағалаудың халықаралық ұйымы тайвандық EVA Air-ді әлемдегі ең таза әуекомпания деп атады.

EVA Air бірінші орынға ие болды, екінші орынды Japan Airlines, ал үшінші орынды ANA All Nippon Airways алды. Сингапур әуекомпаниясы рейтингтің төртінші қатарында, ал бесінші орында — Asiana Airlines.

Сонымен қатар, ең таза әуе компанияларының рейтингісіне қытайлық Hainan Airlines, швейцариялық Swiss International әуекомпаниясы, гонконгтық Cathay Pacific, Катардың ұлттық тасымалдаушысы Qatar Airways және Lufthansa неміс әуе желілері кірді.

Ñаза

0 пікір
Мұрағат