Әлемдегі барлық миллиардердің дәулеті қанша мемлекеттің жылдық табысына тең?
Әлемдегі барлық миллиардердің дәулеті қанша мемлекеттің жылдық табысына тең?
7 жыл бұрын 3244 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі 2,5 мың миллиардердің жалпы дәулеті  7,7 трлн доллардан асады. Бұл қаражат әлем бойынша 4-5 елдің жалпы ішкі өніміне тең. Бұл деректі Біріккен Ұлттар Ұйымының әлем тұрғындары саласындағы қор (UNFPA) өкілі Ричард Коллодж өзінің "Түрлі әлемдердегі өмір" деп аталатын баяндамасында мәлім етті. Аталмыш баяндамада әлеуметтік-экономикалық теңсіздікке айрықша мән берілген. "Бүгінгі таңда әлемдегі 2473 миллиардердің жалпы дәулеті әлемнің 4-5 елінің жалпы ішкі өніміне тең болған 2015 жылдың есебі бойынша",- деді баяндамашы. Айта кетейік, UNFPA баяндамасында әлем миллиардерлерінің барлық дәулетін шотқа салып, қаржы активтерін бағалаған Wealth-X талдау орталығының мәліметтері келтірілген. "Бұл артықшылық берілген үй шаруашылығының кейбірі миллиард доллар бюджетке ие болып отырғандығын білдіреді, ал жүз миллиондаған адам күніне 1,25 долларға күнін көруге мәжбүр. Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық мемлекеттердің экономкасына, ал ол өз кезегінде қоғам дамуына қауіп төндіріп отыр",- деп айтылған баяндамада. UNFPA таратқан мағлұматқа қарағанда, 2008-2013 жылдар аралығында әлеуметтік алшақтық әлемнің 34 елінде артып кеткен, мұнда дәулетті тұрғындардың 60%-ның табысы тез өскен. Аталмыш ұйым келтірген тағы бір мәліметте дамушы елдерде 89 млн адам еркінен тыс бала көтеріп, 48 млн түсік жасату оқиғасы тіркелген. Сондай-ақ, 10 млн тастанды бала бар, 1 млн шарана өлі туады. 

0 пікір
Мұрағат