Адамзат ұдайы тұтынатын негізгі қазба байлықтардың қоры қаншаға жетеді
Адамзат ұдайы тұтынатын негізгі қазба байлықтардың қоры қаншаға жетеді
5 жыл бұрын 4285 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы заманғы тұтыну деңгейі мен өндіру қарқынын ескере отырып, негізгі қазба байлықтардың қоры қанша уақытқа жетеді?

Мұнай

Қоры: 50 жыл

Адамзаттың электрокарға отыратын уақытқа көп қалған жоқ. Мұнай шикізатының қоры жылдан жылға кеміп барады. Өйткені, оны өндіру қарқыны жылдан жылға артуда. Мұнай негізгі энергетикалық ресурс қана емес, сонымен қатар, пластмасса, синтетикалық органика, т.б. қажетті шикізат болып табылады.

Табиғи газ

Қоры: 53 жыл

Адамзат мұнайды 19-шы ғасырда белсенді өндіруге кіріссе, табиғи газды тек 20-шы ғасырда қарқынды түрде игере бастады. Табиғи газ жанатын отын түрлері ішіндегі экологиялық тұрғыдан алғанда ең тазасы болып табылады. 

Темір

Қоры: 57 жыл

Таусылып бара жатқан темір тапшылығының орнын бұрыннан пайдаланылған темір-терсектен, яғни, металлом есебінен толтырылуда. Әлемде металломді темір шикізаты ретінде пайдалану деңгейі 40%-ға еткен.

Көмір

Қоры: 233 жыл

Мұнай қоры сарқылғанда көмір оны химия өнеркәсібінде алмастыратын болады. Жасанды көміртек көзінің баламасы ретінде.

5. Уран

Қоры: 80 жыл

Адамзаттың атом ғасыры ұзаққа созыла қоймайды. Өйткені, әлемде уран қоры аз. Тіпті, атом стансаларында уранды тиімділікті арттыруда әрі жаппай қырып-жоятын қару жасауда пайдалануды доғарса да оның қоры көпке жетпейді. Қазіргі уақытта радиоактивті отынның жартысы әлем бойынша уран кен орнынан емес, залалсыздандырылған оқ тұмсықтардағы ураннан өндіріледі.

0 пікір
Мұрағат