25 жыл ішінде шетелдіктер қанша қазақ баласын асырап алды?
25 жыл ішінде шетелдіктер қанша қазақ баласын асырап алды?
7 жыл бұрын 3260

АҚШ азаматтарына алты жыл бұрын бала асырап алуға тыйым салынған. Мұндай шешім бірқатар ата-аналардың қазақстандық консулдық алдында балалардың жағдайы туралы есеп беруге қарсылық танытқанынан кейін қабылданды. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Тәуелсіздік жылдарында шетелдіктен біздің елімізден 9 мыңнан астам баланы алып кетіпті. Біздің жетім балалар Ирландия, Ұлыбритания, Германия, Франция, басқа да европа елдеріне кете барған.

Өткен жылы 10 бала асырап алыныпты. Бұл процеске баласы жоқ қазақстандық жұптар да қатысып жатыр. Орта есеппен жыл сайын 1000-3000 баланы асырап алады екен. Бұл ретте елімізде патронаттық жүйе де дамып келеді. Бұл дегеніңіз, бір немесе бірнеше баланы қысқа мерзімге асырап алу. Жетімдерді баққаны үшін ондай отбасылар арнайы жәрдемақы алады. Бір балаға 22 мың теңгеден сәл асатын қаражат беріледі.

Сонымен қатар, патронат ата-анаға бала тәрбиесі үшін жалақы да төленеді. Алайда, омбудсмендердің айтуынша, патронаттық отбасыдағы әрбір төртінші бала балалар үйіне қайтып келген.

0 пікір
Мұрағат