2050 жылдары жер бетіндегі халық саны 9 миллиардтан асады
2050 жылдары жер бетіндегі халық саны 9 миллиардтан асады
7 жыл бұрын 4301 Baq.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, 2050 жылдары жер бетіндегі халық саны 9 миллиардтан асып, адамзатқа бүгінгімен салыстырғанда 70 пайызға көп азық қажет болады екен. 

Бұл мәселенің шешімін Иллинойс университетінің ғалымдары тапты. Олар өсімдіктердің фотосинтезін тездетіп, өнімділікті 15-20 пайызға арттырған.

«Бұл көрсеткішті 50 пайызға ұлғайтуға болады», – дейді олар.

Жаңалық күріш, бидай және бұршақ дақылдарына қолданылуда.

«Соның арқасында жаһандық тұрғыда аштық мәселесін шешуге болады», – дейді ғалымдар.

0 пікір
Мұрағат