Zilzar – жаңа халал платформасы
Zilzar – жаңа халал платформасы
9 жыл бұрын 2740

The Guardian басылымы хабарлағандай, Малайзия премьер-министрі Датук Сері Нәжіп Әбдіразақтың жетекшілігімен өткен Бүкіл әлемдік ислам экономикасының форумы аясында Zilzar (арабшадан аударғанда – Зілзала) жобасы іске қосылды. Әлемдегі тұтынушылар америкалық Amazon және қытайлардың Alibaba секілді негізгі ғаламтор-рейтерлерін жақсы біледі. Ислами Zilzar.com сауда платформасы арқылы ендігі жерде шариғат талаптарына сай өндірілген тауарларды, киім-кешек және басқа да қажетті заттарды сатып алуға болады. Сонымен қатар, Amazon және Alibaba-дағы секілді Zilzar да кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін сауда мәмілесін жасауға мүмкіндік беретін платформа болып табылады. Аталмыш платформаның бас директоры Рушди Сыддықидың айтуынша, 2-3 айдан кейін өзі басқаратын сайтта әлемге танымал Alibaba нарығындағыға қарағанда халал тауарларды ұсынатындардың қарасы көп болмақ.

0 пікір
Мұрағат