Зәулім ғимараттар тасасында қалған кішкентай үйлер (фото)
Зәулім ғимараттар тасасында қалған кішкентай үйлер (фото)
2 жыл бұрын 1617

Тозған ескі ғимараттар әдетте осы заманғы төбесі көк тіреген зәулім үйлердің құрылысына бөгет болмасы үшін сүріліп тасталады. Ондай кішкентай үйлердің кейбірі салынуы тиіс зәулім ғимараттардың «жолында» тұрмағандықтан сүрілмей қалады. Әдетте ондай үйлер біреудің жеке меншігі болып шығады. Сүрілмей қалуына бұл да бір себеп. Үйдің қожайыны келіспеуі де мүмкін ғой. Десе де, күн көзін қалқалаған зәулім үйлердің арасында адасқан қаздай немесе аралда қалғандай сиықсыз көрініп, тасада тұрғанымен әлгі ауданның көркін қашырады. Мұндай «айдалада аңырап қалған» үйлер құрылыс жұмыстары қарқын алған Қытайда жиі кездеседі. Солардың бір парасын назарларыңызға ұсынамыз.

Photo: Маленькие дома, которые выстояли против больших микрорайонов (фото)

Қытайдың Наньина елді-мекеніндегі мына суреттегі үйдің қожайыны оны сатудан үзілді-кесілді бас тартқан болатын. Лашықта тұрғандар барлық жағдай жасалған сыңғырап тұрған пәтерлеріне кіріп алды, ал бұл үйдің қожайыны, міне, 15 жылдың жүзі болды, илігетін емес. 

Photo: Маленькие дома, которые выстояли против больших микрорайонов (фото)

Шэньчжэнь қаласындағы іскерлер ауданында орналасқан мына алты қабатты ғимараттың қожайындары Чой Чу Ченг пен оның әйелі Чжан Лянь-Хао құрылыс компаниясы ұсынған өтемақының мөлшеріне келіспей ғимаратты сүргізбей тастады. Көкке ұмсынған ғимараттардың арасында олардың бұл ғимараты алты қабатты болғанына қарамастан көзге оғаш көрінеді.

Photo: Маленькие дома, которые выстояли против больших микрорайонов (фото)

Photo: Маленькие дома, которые выстояли против больших микрорайонов (фото)

Чжэцзян провинциясында тағы бір ерлі-зайыпты құрылыс компаниясы ұсынған өтемақыға келіспей, үйлерін бұзғызбай қасарысып отыр. Лю Бауген мен оның жұбайы осы елді-мекендегі жалғыз отбасы үйін сүргіздірмеген. 

Photo: Маленькие дома, которые выстояли против больших микрорайонов (фото)

Чанша провинциясындағы мына үй де осы заманғы сауда орталығының алдында көзге шыққан сүйелдей болып тұр.

Photo: Маленькие дома, которые выстояли против больших микрорайонов (фото)

Фото-суретте Хубэй провинциясына қарасты 2006 жылы жаңадан тұрғызылған Сянъян шағын ауданындағы соңғы тұрғын осындай үйде тұрып жатқан. Олар да қасарысып бағуда өтемақыға келіспей.

Photo: Маленькие дома, которые выстояли против больших микрорайонов (фото)

Аньхой провинциясына қарасты Хэфей тура осындай жағдай орын алған: қасарысқан үйдің егелерін жазалауды биліктен талап етіп отыр құрылыс компаниясы.

Photo: Маленькие дома, которые выстояли против больших микрорайонов (фото)

Цзянсу провинциясына қарасты Нанкин қаласының маңындағы үй. Оның иесі де өтемақыны місе тұтпай қасарысып отыр.

Photo: Маленькие дома, которые выстояли против больших микрорайонов (фото)

Ал мынау Чунциндегі құрылыс алаңының қақ ортасында шошайып тұрған ғимарат. Екі жыл бойы қасарысып келеді оның қожайындары: олар қарсылықтарын білдіру үшін қытай туын қадап қойған үйдің шатырына, ал жақындағандарды жеміспен атқылап жолатпайды.  

Photo: Маленькие дома, которые выстояли против больших микрорайонов (фото)

Мына үйді Шанхайдан кезіктіресіз.

2 пікір