Зайырлы қоғамның заңынан аттап неке қиған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Зайырлы қоғамның заңынан аттап неке қиған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
5 жыл бұрын 1956 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбек билігі алдын ала азаматтық хал актілерін тіркейтін мемлекеттік органында тіркелмеген жұптардың шариғат талаптарына сай некесін қиған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздеп отыр. Бұл жайында «Самарқан хабаршысы» деп аталатын мерзімді басылымы аталған елдің Самарқан облысы хокиімінің орынбасары Гауһар Әлімоваға сілтеме жасай отырп хабар таратты. Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын «Неке қиған адам тұтқындалды» (сілтемесі: http://www.islam.kz/kk/news/alem/neke-qigan-adam-tutqyndaldy-12427/#gsc.tab=0) атты хабарымызда Ферғана полиция қызметкерлерінің алдын ала АХАТ-та тіркелмеген жұптың шариғат талабы бойынша некесін қиған азаматтың артық-кемі жоқ бір аптаға абақтыға жабылғаны турасында айтып өткенбіз. Бұдан бөлек, аталған елдің билік эшалонында тоқал алуға қарсы бастама көтерілгенін де жария еткенбіз. Сөз орайы келгенде айта кету керек, биыл, яғни, 2019 жылдың жеті айында  29 мың туу туралы куәлік пен 33 мың некеге отыру туралы куәлік берілген болатын. Аталған мерзім аралығында 18 700 жұп ажырасып кеткен.

0 пікір
Мұрағат