Зағиптар арасында Құран оқудан байқау өтті
Зағиптар арасында Құран оқудан байқау өтті
9 жыл бұрын 3113

Кеше, яғни, қаңтар айының 16-ы күні Шешенстан астанасында зағиптар арасында Луи Брайл тәсілі бойынша қасиетті Құран оқудан ІІ-ші Бүкілресейлік байқау өтті. Грозный қаласында өткен осынау айтулы шараға Дағыстаннан, Шешенстаннан, Ингушетиядан және Татарстаннан 12 адам қатысты. Шешенстанның мұсылмандар діни басқармасы жеңімпаздарды дипломмен марапаттап, ақшалай сыйлықпен көтермеледі. 

0 пікір
Мұрағат