ЮНЕСКО: Осы ғасырдың аяғына дейін әлемдегі тілдердің жартысы жойылуы мүмкін
ЮНЕСКО: Осы ғасырдың аяғына дейін әлемдегі тілдердің жартысы жойылуы мүмкін
9 жыл бұрын 3393

Осы ғасырдың аяғына дейін әлемдегі тілдердің жартысы жойылуы мүмкін. Бұл жайында The Washington Post ақпарат көзі ЮНЕСКО дерегіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталмыш іргелі ұйым мамандары келтірген мәліметке қарағанда, бүгінгі таңда әлемдегі 7 мыңның үстіндегі тілдің 2 мыңнан аса тілінде сөйлейтіндер саны 1 мың адамнан аспайды. Негізінен Саһара шөлінің оңтүстігінде орын тепкен Африкадағы елдер мен тайпалардың, Океаниядағы, өз алдына бір құрлықты алып жатқан Австралиядағы және Оңтүстік-шығыс Азиядағы ұсақ халықтар мен ұлыстардың көбісінің тілі жойылады. Бұған қоса, АҚШ-тағы жүздеген байырғы тұрғындардың тілі жойылу алдында тұр.

0 пікір
Мұрағат