WAMY радикалды буддашылардың қатыгездігіне алаңдаушылық білдірді
WAMY радикалды буддашылардың қатыгездігіне алаңдаушылық білдірді
10 жыл бұрын 2712

Бүкіл әлемдік мұсылман жастары ассамблеясының (WAMY) жетекшісі Салех С. Әл-Бухайби Қытайдағы, Шри-Ланкадағы және Мьянмадағы азшылықты құрайтын мұсылмандардың басындағы күрделі ахуалға алаңдаушылық білдіре келіп, әлем қауымдастығы мен ислам әлемін радикалды буддашылардың өктемдігі мен озбырлығын тоқтатуға ықпал етуге шақырды. Ол бүкіл әлемдік мұсылман жастары ассамблеясының Қытайдағы және Шри-Ланкадағы бірқатар ұйымдармен байланысы барын тілге тиек еткенімен, қуғын-сүргін көріп отырған мұсылмандарға қолұшын созу мүмкін болмай тұрғанын жасырмады. Аталған елдердегі азшылықты құрайтын мұсылмандарға қаржы аударудың өзі мұң болып тұрғанын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат