Видео ойындардан бас тарту күні
Видео ойындардан бас тарту күні
2 жыл бұрын 786

Жапония тұрғындары қолдары қалт еткенде видео ойындарды ермек етеді. Олар, тіпті, түстік үзілісте болсын, метрода болсын, жүріп бара жатып та видео ойындармен әуестенеді. Осыған байланысты күншығыс елінде «Видео ойыннан бас тарту күні» енгізілді. Ақпан айының 1-і күніне белгіленген. Әзірге бұл жалпы ұлттық шараға айнала қойған жоқ, тек Жапонияның солтүстігінде орын тепкен Хоккайдо префектурасында ғана қолға алынып отыр. Осы күні жапондар бір күн смартфоннан, т.б. бас көтеріп, қоршаған ортаға, отбасына, шынайы өмірге назар аударатын болады. Алдағы уақытта бұл шара бүкіл ел аумағында таралатын болады. Бұдан былай Хоккайдода әр ай сайын екі күн бойы кез келген видео ойыннан бас тартады. Ең алдымен мұндай шараның енгізілуіне мектеп оқушыларының оқу үлгерімінің нашарлап кеткені себеп болған.

0 пікір