ВИЧ-ке бой бермейтін генді "тапқан" ғалым ұшты-күйлі жоғалды
ВИЧ-ке бой бермейтін генді "тапқан" ғалым ұшты-күйлі жоғалды
5 жыл бұрын 5189 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын "Ұрық ДНК-сына тәжірибе жасауға тыйым салынды" деген атпен хабар таратқан едік. Онда қытай ғалымының әлем қауымдастығын шулатқан жаңалығы туралы. дәлірегі, адам ұрығын редакциялау арқылы емі табылмаған ВИЧ-ке төзімді ұрпақты өмірге әкелгені турасында жазған едік. Оның бұл жаңалығына орай Қытай билігі адам ұрығының ДНК-сына тәірибе жасауға қатаң тыйым салғаны әрі ғалымның әріптестері де оның бұл қадамын қоштамағанын да жазған едік. Ол ол ма, Қытайдың денсаулық сақтау әрі жоспарлы бала туу жөніндегі мемлекеттік комитеті тиісті тексеру-тергеу жұмыстарын бастап та кеткенін де хабардар еткенбіз. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарын шулатқан жаңалықтың авторы Хэ Цзянькуй (He Jiankui) із-түссіз жоғалып кетті. Ақ қанды жасуша вирусының жұғуын қиындататын, сирек кездесетін табиғи генетикалық нұсқаны жаңғырту арқылы адам ағзасының ВИЧ-ке бой алдырмауын мақсат еткен еді. Ол үшін ғқытай ғалымы ВИЧ рецепторын кодтайтын CRISPR-Cas9 саласын генеткалық тұрғыдан редакциялау әдісін таңдаған болатын. Бұл рецептор CCR5 деп аталады, ол ақ қан жасушасының беткі жағында болады, оның көмегімен вирус ағзаға ене алады. Бұл жаңалықтың ғылыми маңызына емес, гуманистік жағына көбірек назар аударған әлем қауымдастығы үрке қараған болатын. Оның жаңалығын ғылыми ортадан бір-ақ әріптесі қолдаған болатын: Гарвард генетигі Джордж Черч (George Church) қытай ғалымымен еш таныстығы жоқ. Соңғы рет аз уақытта әлемге әйгілі болған ғалымды қараша айының 28-і күні Гонконгта өткен конференцияда көрген. 

0 пікір
Мұрағат