Ватиканда алғаш рет Құран оқылды
Ватиканда алғаш рет Құран оқылды
10 жыл бұрын 2854

Кеше, яғни, маусым айының 8-і күні Ватикан аумағында тарихта алғаш рет қасиетті Құран оқылды. Осынау қайырлы қадам Рим Папасы Францисктің пәрменімен жөйттер мен палестиналықтарды татуластыру үшін қолға алынды. Понтифик дінаралық татулыққа бастайтын айтулы шараға Израил президенті Шимон Перез бен Палестина автономиясының президенті Махмұд Аббасты арнайы шақырған болатын. Десе де, Ватиканның бұл қадамын сарапшылар сан-саққа жорып, өз пікірлерін білдірді. Біреулер палестиналықтар мен жөйттер арасын жақындастыру үшін мұның еш пайдасы тимейтінін тілге тиек етсе, енді біреулері бұл шараны Ватиканның пиар-акциясы деп есептейді.

0 пікір
Мұрағат