Вакцинаны сынақтан өткізу үшін балаларды пайдаланған
Вакцинаны сынақтан өткізу үшін балаларды пайдаланған
2 жыл бұрын 835

The Daily Mail ақпарат көзінің хабарлауынша, Үндістанда вакцинаны сынақтан өткізу үшін балаларға оның тәжірибе мақсатында қолданылатынын айтпай екпе еккен дәрі-дәрмек компаниясының қылмысы әшкереленді. «Тәжірибе қоянына» айналдырған балалардың арасында мұсылман жеткіншектері бар болып шықты. Осы тәжірибеден кейін балалардың денсаулығы сыр беріп, сырқатқа шалдыққан. Нақтырақ айтқанда, америкалық Merck компаниясының Gardasil вакцинасы жатыр мойны обырынан қорғау үшін өндірілген болатын. АҚШ-та жуырда ғана қолдануға рұқсат берілген бұл вакцинаны тиісті орындардың рұқсатынсыз әрі балаларға айтпай еккен. Бұл өз кезегінде салдары ауыр зардаптарға соқтырған. Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға 1000 рупий ұстатып, азғантай ақшамен алдап-сулап екпе еккен аталмыш компанияның бұл алаяқ әрекеті жабулы қазан күйінде қалар ма еді, егер екпе алған балалардың басы айналып, өздерін әлсіз сезінбесе. Бұған қоса, олардың бойынан гормондық ауытқу байқалған. Мәселен, 18 жастағы Маазхар Аңсари есімді мұсылман бозбала мен оның кәмелет жасына толмаған қарындастары Сәния мен Әсия, сондай-ақ, 16 жастағы Аман өздерін әлсіз сезінгендері соншалық, жүріп-тұрудың өзі мұңға айналған.

0 пікір
Мұрағат