Ұзақ жасаудың кері жағы немесе жалғыз өлу (фото)
Ұзақ жасаудың кері жағы немесе жалғыз өлу (фото)
9 жыл бұрын 7666

Әлемдегі ең ұзақ жасайтын халық – жапондар. Орташа өмір сүру ұзақтығы – 80 жастың ар жақ, бер жағы. «Kodokushi» сөзін жапоншадан аударғанда «жалғыз өлу» деген мағына береді.

Дамыған елдерге тән ауру десе де болады. Баласы өз отбасымен кеткен, өмірлік серігінен тірідей немесе өлідей айырылған жалғызбасты адамдардың, соның ішінде, қарттардың басында болатын жағдай. Әлеуметтік дерт десе де болады. Бәрі ұмытқан, оның қашан және неден өлгенін ешкім білмейді, тек біршама уақыттан барып, пәтерінде жаансыз денесінің үстінен түсесіз. Әсіресе, өздігінен жүріп-тұруы қиын қарттардың басында кездесетін жайт. Өз ажалымен өлді ме, жазатайым оқиғадан көз жұмды ма, ауырып қайтыс болды ма немесе өмірден түңіліп өз-өзіне қол жұмсады ма – артынан белгілі болады я болмаса жұмбақ күйінде қалады. 

Photo: Обратная сторона долголетия или одинокая смерть — шокирующий феномен из Японии (фото)

Photo: Обратная сторона долголетия или одинокая смерть — шокирующий феномен из Японии (фото)

Мына фото-суреттен жалғыз жатып дүние салған адамның ұзақ уақыт жатып қалған орны. Оның аққан еті төсегіне сіңіп қалған.  Дамыған елдерде осындай жағдайларға байланысты өлген адамның артын жинастырумен және тазалаумен, сондай-ақ, оның заттарын сұрыптаумен айналысатын бизнес түрі де бар. Мұндай қызметпен айналысатындар 1500 осындай тапсырыстың  шамамен 300-де жалғыз жатып өлген адамның соңында қалған үрейлі әрі қасіретті іздері мен белгілеріне жолығатынын алға тартып отыр. Бұл феномен  ең алғаш рет өткен ғасырдың 80-ші жылдары адамзаттың постиндустриялық кезеңге аяқ басқан кезінде әлеуметтік кесел ретінде қарастырыла бастады. Статистикалық мәліметке қарағанда, бір ғана 2009 жылдың өзінде ғана өзі алдына бір аралды алып жатқан күншығыс елінде шамамен 32 000 қарт адам жалғыз қайтыс болған. Жанында басын сүйеп, аузына су тамызатын жақыны жоқтар әдетте 65 жастан асқаннан кейін жалғыздықтан көп өлетін көрінеді. 2006 жылы бұл көрсеткіш бес пайызға жеткен барлық қазаға шаққанда. Токио қаласында 2008 жылы пәтерінде бірнеше ай бойы жатып қалған 2000-нан аса жансыз дене табылған болатын. Әлеуметтік оқшаулану әдетте зейнетақыға шыққанннан кейін басталатын көрінеді. Ғалымдардың тұжырымы осындай. Яғни, асарын асап, жасарын жасағандар болашағынан күдер үзіп, торығуға салынады. Әсіресе, ер адамдар елуден асқаннан кейін томаға-тұйық ғұмыр кешеді. Оның үстіне, бала-шағамен бір шаңырақтың астында өмір сүру салттан қалған. 

Photo: Обратная сторона долголетия или одинокая смерть — шокирующий феномен из Японии (фото)
Photo: Обратная сторона долголетия или одинокая смерть — шокирующий феномен из Японии (фото)

Photo: Обратная сторона долголетия или одинокая смерть — шокирующий феномен из Японии (фото)

Photo: Обратная сторона долголетия или одинокая смерть — шокирующий феномен из Японии (фото)

Photo: Обратная сторона долголетия или одинокая смерть — шокирующий феномен из Японии (фото)
Photo: Обратная сторона долголетия или одинокая смерть — шокирующий феномен из Японии (фото)
Photo: Обратная сторона долголетия или одинокая смерть — шокирующий феномен из Японии (фото)
Ал ресми мәлімет бойынша Токионың орталық аудандарындағы ерлердің жалпы санына шаққанда 2009 жылы 65-69 жас аралығында жалғыз өлгендердің 8,4%-ы екі күннен кейін белгілі болған дүниеден озғаны. 5,7%-ы — төрт және одан да көп күннен кейін белгілі болды. 4%-ы – сегіз күн өткеннен кейін. "Ниссеи" (NLI Research Institute) сақтандыру компаниясының зерттеу институтының есебіне үңіілсек, сол жылы бүкіл Жапония бойынша жалғыз жатып өлгендердің қарасы 16 мың адамға дейін жеткен. Бұл арада өлгеніне төрт күн өтіп кеткендері ғана есепке алынғанын ескерсек, бұл көрсеткіш бұдан да әлдеқайда жоғары болып шығады. Нақтырақ айтқанда, 27 мыңға дейін жетеді.

Photo: Обратная сторона долголетия или одинокая смерть — шокирующий феномен из Японии (фото)
Photo: Обратная сторона долголетия или одинокая смерть — шокирующий феномен из Японии (фото)

Әдетте жалғызілікті жандардың, әсіресе, қарттардың үйі иесі жоқ үй секілді қаңырап тұрады. Жалғыз қалған адамдар, тіпті, үйді күтіп ұстаудан қалады. Себеп? Себебі, өмірге деген құштарлығынан айырылып қалады. Шаң басқан жиһаз, тозаң тұтқан айна, жуылмаған еден, сілбі басқан бөлме, т.б. Жалғыз өмір сүретін адамдардың үйіне тән көрініс. Халық және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі ұлттық  институттың дерегіне қарағанда, 2010 жылы жалғыз өмір сүретіндер қарасы барлық отбасылардың санына шаққанда  32,4%-ды құраған екен. 2035 жылы бұл көрсеткіш 37,2%-ға дейін өсуі мүмкін. 2010 жылғы санақ нәтижесі көрсеткендей, Жапонияда 50 жастағы ерлердің 20,1%-ы, ал әйелдердің 10,6%-ы ешуақытта үйленбеген. 15 жылдан кейін ерлердің 30%-ы, ал әйелдердің 20%-ы қу бас болуы өтуі мүмкін өмірден. 

Photo: Обратная сторона долголетия или одинокая смерть — шокирующий феномен из Японии (фото)
Photo: Обратная сторона долголетия или одинокая смерть — шокирующий феномен из Японии (фото)
Photo: Обратная сторона долголетия или одинокая смерть — шокирующий феномен из Японии (фото)
Photo: Обратная сторона долголетия или одинокая смерть — шокирующий феномен из Японии (фото)

2 пікір
  • Kanwa gilim tehnologia damiganimenen adamnin ruhi "Qolu-bala" uni boyinwa rabbisin ansanp Turadi.Bul kazhetimizdi tek aqiqat senim gana toltira aladi!!!!!Allahim bukil alemdegi adamdardin zhuregine Iman nasip et!!
    9 жыл бұрын
  • Имансыз өмір бос
    9 жыл бұрын
Мұрағат