Ұшақ бортындағы жайлы өмір
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің Etihad Airways ұлттық әуекомпаниясы жолаушыларға сапалы қызмет көрсетудің тағы бір белесін бағындырды. Ендігі жерде аталмыш әуекомпанияның ұшақ бортынан қонақ үй ашылады. Жуынатын бөлмесі (ванна) де болады. Осынау қызмет түрі әлемдегі аса ірі Airbus A380 және B787 ұшақтарында ұсынылады. Әр люкс аппартаментте мұздатқыш, жеке бас тазалық заттары мен шкаф орнатылған. Кабиналардың жасандырылуы мен жабдықталуы бір-біріне ұқсамайды. Әр кабинада кілем төселіп, үстел қойылған.
Бұған қоса, ұшақ бортында жолаушылар Wi-Fi сымсыз желісі мен қалталы телефон қызметтерін пайдалана алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді