Үш елдің күретамырына айналатын жоба
Үш елдің күретамырына айналатын жоба
5 жыл бұрын 2675 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран мен Ирак және Сирия өздерінің теміржолын бір торапқа айналдыратын болды. Бұл жайында арабтардың Аl-Watan мерзімді басылымы Сирияның көлік министрлігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің айтуынша, таяуда аталған үш елдің өкілі өзара стратегиялық жобаны пысықтап, жан-жақты талқылайтын болады. Мынаны айта кету керек, аталмыш жоба Шам жерінде талай жылға созылған әрі бірнеше жүз мыңдаған адамның өмірін жалмаған соғыс басталмай тұрып, яғни, 2011 жылы қолға алынған болатын. Алайда, содырлардың сойқанынан орта жолдан тоқтатылған еді әрі соғыстан жолдың едәуір бөлігі жарамсыз болып қалған еді. Десе де со,ысқа дейін Шам жеріндегі жобаның 97%-ы аяқталған болатын. Ал Иракта жобаның аяқталуы үшін екі шақырым теміржол төселуі керек. Бұл жобаны қолға алудағы мақсат Сирия айлақтарына жол ашу болатын. Сол арқылы жүкті теңіз дәлізі арқылы шетел асырып, аймақ экономикасын жандандыруға саятын. Келешекте аталған үш елдің аумағынан өтетін теміржол желісін Қытайға дейін ұзартылады. 

0 пікір
Мұрағат