Үш ел Ресей Федерациясы құрамынан шығуы мүмкін
Үш ел Ресей Федерациясы құрамынан шығуы мүмкін
7 жыл бұрын 7771 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шешенстан, Дағыстан және Ингушетия Ресей Федерациясы құрамынан шығуы мүмкін. Бұл жайында ресейлік саясаттанушы Станислав Белковский «Эхо Москвы" радиосына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Шешенстан РФ субьектісі болып саналғанымен баяғыда өз алдына дербес мемлекет болып алған. Ноқтаға басы сия қоймайтын асау тау халқы РФ-ның саяси және құқықтық жүйесінен әлдеқашан шығып кеткен. Ал саясаттанушы РФ-ның түркі тілді өзге субьектілері, атап айтқанда, Саха Республикасы, Татарстан, Башқұртсан, т.б. туралы жақ ашпады. 

0 пікір
Мұрағат