Ұрықтың жүрегі соға бастаған сәттен бастап, түсік жасатуға тыйым салады
Ұрықтың жүрегі соға бастаған сәттен бастап, түсік жасатуға тыйым салады
14 күн бұрын 544 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Джорджия штатының губернаторы Брайан Кемп құрсақтағы ұрықтың жүрегі соға бастаған сәттен бастап оны алдырып тастауға тыйым салатын заңға қолын қойды. Бұл жайында америкалықтардың Fox News ақпарат көзі хабар таратты. Мамандардың айтуынша,  құрсақтағы ұрықтың жүрегі өзінің даму кезеңінің бесінші немесе алтыншы аптасында соға бастайды. Бұл аралықта әйел адам өзінің аяғы ауыр екенін сезінбеуі де мүмкін. "Джорджия – адам өмірін бағалайтын штат. Біз өздігінен сөйлей алмайтындарды қорғаймыз", деп мәлімдеді губернатор LIFE (Living Infants Fairness and Equality) заңына қолын қояр алдында. Десе де аталмыш заң талабы өз еркінен тыс, яғни, зорлықтан бала көтергендерге жүрмейді, сондай-ақ, болашақ ананың денсаулығына қауіп төнген жағдайда да бұл тыйым өз күшін жояды. Мұндай "жүрек дүрсіліне" қатысты заң жобалары бұрын Миссисипи, Кентукки және Огайо штаттарында да қабылданған болатын. Өзге штат биліктері де мұндай тыйымды қолданысқа енгізу жолдарын қарастырып жатыр. Алайда, іштегі шарананың емес, қарақан басын ойлап, ана атанудан қашқан әйелдер мен белсенділер аталмыш заңға наразылықтарын білдіріп, байкот жарияламақ. Қоғамдағы ішінара наразылық пен қарсылыққа қарамастан адам өміріне араша түсу бағытында жасалған елеулі қадам ретінде бағаланады. 

0 пікір
Мұрағат