Ұрылардың қолын кесуді қарастыратын заң қабылданды
Ұрылардың қолын кесуді қарастыратын заң қабылданды
9 жыл бұрын 3434

Малайзияның Келантан штатының заң шығарушы ассамблеясы қылмыстық іске барғандарды қатаң жазалауды қарастыратын заң жобасын мақұлдады. Алайда, ұрлыққа барғандардың қолын кесу жазасы бүкіл Малайзия аумағында енгізілмейді. Өйткені, бұл федералды конституцияға қайшы. Алайда, аймақ билігі мұндай қатаң шараны өз аумағында енгізуге құзырлы. Сондай-ақ, аталмыш заң жобасы бойынша зина жасағандарға өлім жазасы қолданылатын болды. Бұл заң тек мұсылмандарға ғана жүреді. Бұл жайында  Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Десе де, Малайзиядағы қытай диаспорасының мүддесін қорғайтын DAP саяси партиясының өкілдері аталмыш заңға наразылықтарын білдірді. Айта кетейік, Келантан штатының билігі шариғи қылмыстық кодексті осыдан 20 жылдан аса уақыт бұрын мақұлдаған болатын, алайда, қолданысқа енгізілмеген болатын.

0 пікір
Мұрағат