Университет түлектері ректор сөз алғанда тегіс теріс айналды. Неге?
Университет түлектері ректор сөз алғанда тегіс теріс айналды. Неге?
7 жыл бұрын 7122 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ыстамбұл шаһарындағы беделді Босфор университетінің студенттері 150-ші түлектерді шығарып салу мерейтойына орай өткізілген салтанатты шара кезінде ректор сөз алғанда тегіс теріс айналды. Яғни, аталған жоғарғы оқу орнының басшысы Мехмед Өзкан түлектерді құттықтау үшін мінберге көтерілген кезде бәрі бір ауыздан келісіп алғандай ректорға ту сыртын берді. Аталмыш университет қабырғасында білім алып жүрген студенттердің мұндай қадамға баруына Түркия президенті Ережеп Тайып Ердоғанның жоғарғы оқу орнының ішкі ережесін елемей, ректорды өз бетінше, ешкіммен санаспай тікелей тағайындағаны түрткі болған. Бұрынғы ректор Гүлай Барбаросоғлының орнына тағайындалған Мехмед Өзкан осымен мұндай наразылыққа тағы тап болды. Ол ректор болып тағайындалған кезде аталмыш университетте дәріс беретін бірнеше профессор наразылық ретінде өз еріктерімен жұмыстан кету турасында арыз берген. 

0 пікір
Мұрағат