Үндістанда Израилдің басқыншылығына наразы шерушілер таяққа жығылды
Үндістанда Израилдің басқыншылығына наразы шерушілер таяққа жығылды
10 жыл бұрын 2985

Үндістан астанасында Израилдің Газа секторындағы басқыншылығына наразылық білдіріп шеруге шыққан тұрғындарды полиция қызметкерлері күш қолданып, аяусыз ұрып-соқты. Онымен қоймай, шеруге шыққандарды тұтқындап әкеткен. Олардың 45-і ер адам болса, 14-і – әйелдер. Белсенділер Қытайдың ядролық қаруынан қорғану үшін Үндістанның Израилмен стратегиялық әріптестік орнатып, зымыранға қарсы қорғаныс бойынша интеграцияғабарғанына да наразы.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Газа секторында изралдік зымырандардан 203 адам қаза тауып, 1500-ке жуық адам жарақат алған.

 

0 пікір
Мұрағат