Үндістанда 24 жыл жұмысқа келмеген шенеунік қызметінен қуылды
Үндістанда 24 жыл жұмысқа келмеген шенеунік қызметінен қуылды
9 жыл бұрын 3459

Үндістанның үкімет департаменті 24 жыл бойы жұмысқа келмеген шенеунікті қызметінен босату туралы шешім шығарды. Бұл жайында nur.kz сайты «Қазақпаратқа» сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Қоғамдық жұмыстар бойынша орталық департаменттің қызметкері 1990 жылы желтоқсан айында еңбек демалысына кетіп, сол күйі оралмаған.

Оның демалысын ұзарту туралы өтініші қанағаттандырылмады, ал жұмыстан босату туралы шешім ылғи да кейінге шегеріле берген.

Бұндай оқиға Үндістанда алғаш рет болып отырған жоқ. Былтыр ғана Үндістандағы штаттың басшылығы 23 жыл бойы мектепке келмеген мұғалімді анықтаған еді.

2 пікір
  • Неге ескерту бермеген екен екінші қайталамаңыз деп))))))))))))))
    9 жыл бұрын
  • Eskertu bermegenba degennin ozi kulkili eken. 23-24 jyl jumysqa kelmegen adamga eskertu kerekpa? Balalar sabaqtan 1-kun qalsa mugalimder urysyp jatady. Olarga urysatyn eshkim bolmagan goi.
    9 жыл бұрын
Мұрағат