Үндістан халқы Қасиетті Құранмен етене таныспақ
Үндістан халқы Қасиетті Құранмен етене таныспақ
10 жыл бұрын 4833

Үндістанның астанасында және Кашмир мен Жамма штаттарының орталықтарында жергілікті тұрғындар мен меймандар түрлі каллиграфиялық үлгіде жарық көрген қасиетті Құран даналарын тамашалап қана қоймай, сандық форматта да мұсылмандардың киелі кітабымен таныса алады. Сонымен қатар, сирек кездесетін қасиетті Құран қолжазбаларын көру мүмкіндігіне ие болады. Көрмеге қасиетті Құранның қытай, жапон, түрік, орыс, неміс, үнді тілдерінде, сондай-ақ, Луи Брайл тәсілімен жарық көрген нұсқалары қойылған. 1237 жылы Кашмирде жарық көрген аса құнды қасиетті Құран қолжазбасы көрменің көркін ашып тұр. 

0 пікір
Мұрағат