Үндіс мұрынмен мәтін теруден рекорд орнатты (видео)
Үндіс мұрынмен мәтін теруден рекорд орнатты (видео)
2 жыл бұрын 1091

Үндістандағы Хайдарабад қаласының тұрғыны Мұхаммед Хуршид Хұсейн (Mohammed Khursheed Hussain) мұрынмен мәтін теру жылдамдығы бойынша әлемдік рекорд орнатты. Бұл жайында nur.kz порталы The Daily Mirror ақпарат көзіне сілтеме жасап, хабар таратты.

Гиннес Рекордттар кітабы сарапшыларының көзінше 23 жастағы жігіт 103 сөзден тұратын мәтінді 47,44 секундта теріп шыққан. Мохаммед басып шыққан мәтіннің басы былай деп басталды: "Мына мәтінді қысқа уақытта теріп шығу үшін Гиннес Рекордтар кітабы мені таңдады".

Мәтінді теру кезінде назарын пернетақтаға тіктеу үшін Мұхаммед бір көзін жұмып алды. Сондай-ақ, оның қолдары арқасына қайырылып байланған. Мұрынмен мәтін теруде рекорд орнату үшін жігіт соңғы үш жылда күніне алты сағат бойы жаттығыпты.

Мұхаммед Хуршид Хұсейн бұған дейін де осындай рекорд орнатқан болатын. 2012 жылы ол ағылшын алфавитінің барлық қаріптерін бар-жоғы 3,43 секундта теріп шыққанын хабарлаған еді BNews.kz.

0 пікір