Үнді радикалдары мұсылмандарын өз діндеріне кіргізетінін мәлімдеді
Үнді радикалдары мұсылмандарын өз діндеріне кіргізетінін мәлімдеді
10 жыл бұрын 3102

Жуырда Үндістанның премьер-министрі болып, билік тізгінін қолына алған Нарендра Модидің сайлаудағы жеңісіне масайрап, ұлтшыл саясаткердің жетістігін малданған үнді радикалдары осы елдегі діни азшылықты құрайтын мұсылмандар мен христиандарды өз діндеріне кіргізетінін мәлімдеді. «Индустардың күні енді туды. Енді бір он жылдан кейін мұсылмандар мен христиандарды дінімізге кіргіземіз»,- деп мәлімдеді радикалды Раштрия Сваямсевак Сангх (RSS) қозғалысының белсенді мүшесі Раджешвар Сингх. Аталған азамат бұны Дели қаласынан 140 шақырым қашық жатқан Хасаян қаласының христиан отбасының индус нанымын қабылдағанына орай сөйлеген сөзінде айтқан болатын. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабарлады.

0 пікір
Мұрағат