Үнді мұсылмандары Айт күндерін мерекелеуден бас тартты
Үнді мұсылмандары Айт күндерін мерекелеуден бас тартты
10 жыл бұрын 4082

Биыл Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы мұсылман жамағаты Айт намазын оқығанымен Израилдің басқыншылығынан жапа шегіп жатқан Газа секторындағы палестиналық діндес бауырларының басындағы ауыр жағдайға байланысты мерекелік көңіл күйге берілген жоқ. Олар палестиналықтарға осылайша қолдау білдіріп, қайғысына ортақтасты. «Мерекелеуге ешқандай негіз жоқ. Әлемнің түкпір-түкпірінде бауырларымыз бен сіңлілеріміз қырылып жатыр. Ал біздің қолдан келер қайран жоқ»,- деді Канпур Ахсан Хан есімді жергілікті мұсылман OnIslam.net ақпарат көзіне берген сұхбатында. «Мен жаңа киім киюден, мейман шақырудан бас тарттым. Газа халқының ауыр азабынан еңсемді көтере алар емеспін»,- деді Бхопал қаласының тұрғыны Әбдіжаппар. Үнді мұсылмандар лигасының жетекшісі Панакад Саид Хайдерали Шихаб Тхангал да айына-жылына бір келетін мереке күндерінде тым артық кетпеуге үндеген екен. Газа секторындағы палестиналықтардың басындағы жағдайды көре тұра мейрамдатудың әбестігін тілге тиек етті. Бұған қоса, Үндістанның Керала штатында да мұсыылмандар Айт намазында Газа секторы тұрғындарына бейбітшілік тілеп, жамағатпен намаз оқыды.

1 пікір
Мұрағат