Ұлынан айрылған Ирак азаматы "ИМ" лаңкестерін қырып салды
Ұлынан айрылған Ирак азаматы "ИМ" лаңкестерін қырып салды
9 жыл бұрын 3213

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Ирак азаматы Басил Рамаданның ұлын "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының содырлары өлтірген болатын. Ұлы үшін кек алмақ болған ол жеті лаңкесті атып тастады.

60 жастағы Рамадан АК-47 автоматымен Тикрит қаласына кіреберістегі бекетте лаңкестік ұйым өкілдеріне қарата оқ жаудырған. Кейін қарсы ұшқан оқтан өзі де қаза тапты. Оның 18 жастағы ұлы Ахмет Рамадан полиция қызметкері болған. Қаңтар айында содырлар Ахметті өзге полицейлермен бірге өлтірген еді.

Wasat басылымының хабарлауынша, 2007 жылы "Әл-Каида" лаңкестік ұйымы Рамаданның тұңғыш ұлын да бақилық еткен екен. 

0 пікір
Мұрағат