Ұлыбританияда педофилдер лаңкестермен теңестіріледі
Ұлыбританияда педофилдер лаңкестермен теңестіріледі
3 жыл бұрын 1349

Жеткіншектерге көз сүзіп, төсек қатынасына тартқан ересектер де ендігі жерде лаңкестермен қатар аталатын болды. Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон заңнамаға енгізілетін тиісті түзетулерге байланысты осылай деді.

Министрлер кабинетінің жетекшісі, сондай-ақ, ғаламторда балалар порнографиясының таралуына тосқауыл қоюдың қажеттілігіне тоқталды.

«Балаларды қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек»,- деді ол сөзінің соңында.

Ағылшындардың заңды қатайтуына әлемнің түкпір-түкпірінде кем дегенде 90 баланы зорлаған америкалық мұғалімнің жаға ұстататын жантүршігерлік қылығы себеп болып отыр. Зорланған балалардың арасында Лондон қаласының бір жеткіншегі де бар. Қылмысы әшкереленген педофил ақыры өз-өзіне қол жұмсап, мерт болды.

0 пікір