Ұлыбританияда мұсылман мерекелері мемлекеттік деңгейде аталып өтіле ме?
Ұлыбританияда мұсылман мерекелері мемлекеттік деңгейде аталып өтіле ме?
10 жыл бұрын 4101

Ұлыбританияда мұсылмандар мен индустардың мерекелері мемлекеттік деңгейде аталып өтетін мейрамға айналуы мүмкін. Осыған байланысты электронды петиция 100 мыңнан аса адамның даусын жинаған. Жуырда бұл мәселе британ парламентінде қаралуы ықтимал. Осы петицияны ұйымдастырған белсенділер мұсылмандардың Ораза айт пен Құрбан айт күндерінің және индустардың Дивали мерекесінің ресми мойындалуы үшін күш салатындарын жеткізді. Алайда, олардың бұл бастамасына қарсы шыққандар мұсылмандар мен индустардың мерекелері мемлекеттік мейрамға айналатын болса, жұмыс ырғағына кесірін тигізетінін алға тартып отыр. Олардың сөзіне қарағанда, екі діннің мерекелері ай күнтізбесі бойынша анықталады және соған байланысты жыл сайын ауысып отырады.

0 пікір
Мұрағат