Ұлыбритания тұрғындары қолма-қол ақшамен есеп айырысудан бас тартып жатыр
Ұлыбритания тұрғындары қолма-қол ақшамен есеп айырысудан бас тартып жатыр
5 жыл бұрын 3032 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияда әлемнің өзге елдерімен салыстырғанда қолма-қол ақшамен есеп айырысу мөлшері артып келеді. Әдетте аталмыш ел тұрғындарының арасында төлем картасымен есеп айырысу кеңінен етек алған. Ұлыбританиядағы транзакцияның 30%-да ғана қағаз ақша мен тиындар қолданылады. Енді бір 15 жылдан соң бұл көосеткіш 10%-ға дейін кемуі мүмкін. Ал қолма-қол ақшамен есеп айырысудан бас тартушылар қарасы көп Швецияда қазірдің өзінде транзакцияның 15%-да ғана қағаз ақша мен тиындар қолданылады. Көп ұзамай аталған екі елде де қолма-қол ақшамен есеп айырысу тетіктері толық жабылатын болады. Ұлыбританияда соңғы 4 жыл ішінде 3 мыңнан аса банк бөлімшесі жабылған. Күн сайын шамамен 70 банк бөлімшесі жабылады. Бұл жайында Which тұтынушылар қайымдастығы мәлім етті. Қолма-қол ақшаға деген зәруліктің болмауынан банкоматтар да жабылуда. Ай сайын шамамен 300 банкомат жабылады. "Цифрлы төлем - біздің болашағымыз. Бар проблема оның барлығына бірдей жетпеуінде жатыр",- деп мәлімдеді осы тенденцияға байланысты Access to Cash Review британ мерзімді басылымының жетекшісі Натали Сини. Цифрлы төлемнің артықшылығы қағаз ақша басып шығару мен тиын шекуге кеткен шығынды қажет етпейді. Қолма-қол ақшадан арылу не үшін қажет? Сауда-саттық орындары цифрлы төлем жүйесіне өтсе, сауда қызметкерлерін тонау фактілері азяды. Бұдан бөлек, қолма-қол ақша көлеңкелі экономикаға жол ашады. Салықтан жалтаруға мүмкіндік береді. Заңсыз қаржыландыру операцияларының жүзеге асуына жағдай жасайды. Десе де цифрлы төлем жүйесінде клиенттік жеке басына қатысты ақпараттар мен мәліметтердің құпиялығы мен қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бере алмайды. 

 

0 пікір
Мұрағат