Ұлтшыл лаңкес жазасын алды
Ұлтшыл лаңкес жазасын алды
3 жыл бұрын 1440

Ағылшындардың Мерсисайд графтығына қарайтын Биркенхэд қаласының тұрғыны, 42 жастағы Иан Форман осы аймақтағы мешітте лаң салып, бүлік шығармақшы болған әрекеті үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол арам ойын жүзеге асыру үшін ғаламтордан бомба жасаудың әдіс-тәсілін үйренген.

Полиция өкілдері оның жатын бөлмесінен жарылғыш затқа қажетті химиялық қоспалар мен өзге де керек-жарақты тауып алған. Бұған қоса, оның компютерінен табылған тағы бір нәрсе оның айыбын одан әрі әшкереледі. Ол екінші дүниежүзілік соғыс кезінде «Эс-эс» жасағы киген телпекті басына киіп алып бейнебаян түсірген. Осылайша Иан Форманның қанқұйлы жоспары әшкере болды.

0 пікір