Ультраоңшылдар мұсылмандарға майдан ашты
Ультраоңшылдар мұсылмандарға майдан ашты
7 жыл бұрын 2527 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германия көшелерінде мұсылмандарға қарсы түрлі саяси науқандар мен зорлық-зомбылық белең алып келеді. Бұл жайында түріктердің "Анадолы" ақпарат агенттігі немістердің Neue Osnabrücker Zeitung мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Мәселен, биылдың екінші кварталында аталған елде мұсылмандарға шабуылдың нәтижесінде 16 мұсылман жарақат алған. Неміс полициясының дерегіне қарағанда, 2017 жылдың сәуір-маусым айларында осы елдегі ислам ұйымдары мен мұсылмандарға қарсы бағытталған 192 құқық бұзушылық анықталған. Бұл қылмыстардың бәрі ультраоңшылдар жасаған. Ультраоңшылдар мұсылмандарды бопсалау, мүлкін тартып алу, дене жарақатын салу, т.б. қылмыстары үшін айыпталып отыр. 

0 пікір
Мұрағат