Уинстон Черчилдің туыстары неден қауіптенді?
Уинстон Черчилдің туыстары неден қауіптенді?
2 жыл бұрын 817

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбританияны басқарған, тарихта ойып тұрып өз орнын алған Уинстон Черчилдің ислам дінін қабылдауынан туыстары қауіптенген екен. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі ислам іліміне ден қойып, шығыс мәдениетін зерттеген көрінеді. Осыған байланысты оның отбасының бір мүшесі леди Гвендолин Бертидің 1907 жылы оған ислам дінін қабылдамауды талап етіп, хат жазғаны белгілі болды. Бұл жайында "The Independent" ақпарат көзі хабар таратты. Уинстон Черчилл Британияның әскер қатарында жүргенде, яғни, Суданда мұсылмандардың тыныс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен етене танысқан болатын. Ол ол ма, үйінде арабтардың ұлттық киімін киіп жүретіні де белгілі болды. 1940 жылы ол Лондон мегаполисінің қақ ортасынан орталық мешіт тұрғызу жоспарына да қолдау білдірген екен. Бұған қоса, оның құрылысына 100 фунтов стерлинг қаржы бөлген.

0 пікір