Тырысқақ індетіне шалдыққандар қарасы 1 млн-нан асып барады
Тырысқақ індетіне шалдыққандар қарасы 1 млн-нан асып барады
6 жыл бұрын 5656 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соғыс жүріп жатқан Йемен аумағында соңғы 13 айдың ішінде тырысқақ індетінен баудай түсіп опта болғандар қарасы 2300 адамнан асып кеткен. ЮНИСЕФ дүниежүзілік балалар қоры келтірген дерекке қарағанда, аталған мерзім ішінде 1 118 000 адамның аталмыш індетті жұқтырғаны анықталған. Аталмыш ел аумағында медициналық мекемелер мен гуманитарлық ұйымдар тырысқақ індетімен күресіп. күш салып жатқанына қарамастан жағдай күннен күнге қиындап барады. Бұған қарулы қақтығыстар мен соғыс та өз кесірін тигізуде. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша өткен жылдың сәуір айынан бері 2200 адам тырысқақ індетінен көз жұмған. Ал оны жұқтырғандар қарасы 1 млн адамнан асып кеткен.  

0 пікір
Мұрағат