Тұтқынның неден қаза тапқаны анықталмады?
Тұтқынның неден қаза тапқаны анықталмады?
2 жыл бұрын 727

ПИЦ ақпарат көзінің хабарына қарағанда Израил түрмесінде жаза мерзімін өтеп шыққан Ләбиб Әбдікәрім есімді 41 жастағы Палестинаны азат етуші азамат ақпан айының 9-ы күні ми ісігінен қаза тапты. Туыстарының айтуынша, марқұм түрмеден босап шыққанан кейін ауыр науқасқа шалдыққан. Ол бірнеше рет тексеруден өтсе де, соның ішінде Иорданияда да тексеруден өткен екен, дәрігерлер нендей сырқатқа шалдыққанын анықтай алмаған, яғни, нақты диагнозын қоя алмаған көрінеді. Оның ауруы асқынып, соңғы 15 ай бойы ес-түссіз комада жатқан екен. Аталмыш ақпарат көзінің хабарлауынша Израилдің қауіпсіздік қызметкерлері оны бір емес, бірнеше рет тұтқындап, қолына кісен салған. Иорданиялық дәрігерлер алты жылын темір тордың ар жағында өткізген есіл ерге израилдіктер у берген деп топшылап отыр.

0 пікір