Тұтас елді шулатқан намаз (видео)
Тұтас елді шулатқан намаз (видео)
5 жыл бұрын 5473 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дания қоғамында Вайле деп аталатын қаладағы мектептердің бірінде таспаға тартып алынған видео қызу пікірталас тудырды. Видеода бір сыныптың оқушылары жаппай намаз қимылдарын орындағанын байқайсыз, тақия киген ер баланың арабша айтқан сөзі мен әр әрекетін қайталауға тырысқан оқушыларға мұсылман емес мұғалімнің өзі жігер беріп тұрғанын да аңғарасыз. Бұл роликті сабақ кезінде таспаға тартып алуға тыйым салынғанына қарамастан ата-аналардың бірі телефонына түсіріп алған екен. Бұл жайында Sputnik News ақпарат көзі хабар таратты. Дат қоғамын шулатып, исламофоб саясаткерлердің шамына тиген аталмыш видеоға байланысты аталған мектеп директоры Герт Хугард мұндай сабақ "Өзіңді таны" атты апталық аясында өткізілгенін алға тартып, онда түрлі мәдениет пен өмір сүру салттары оқушыларға таныстырылатынын жеткізді. 

 

0 пікір
Мұрағат