Тұтас бір арал босқындар мазарына айналуы мүмкін
Тұтас бір арал босқындар мазарына айналуы мүмкін
6 жыл бұрын 3031 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Грекияның бір аралы тұтастай босқындар мазарына айналуы мүмкін. Нақтырақ айтқанда, он мың босқынның тағдыры жайында сөз болып отыр бұл арада. Бұл жайында Халықаралық құтқару комитетінің Грекияға жауапты бөлімшесінің жетекшісі Джана Фрей әлем қауымдастығына дабыл қағып, мәлімдеме жасады. Грекия аралығында босқындарға күннің суытына байланысты жаппай қырылап қалу қаупі төніп тұр. Бұған қоса, босқындар лагеріндегі адам төзгісіз жағдай мен тығыздық та босқындардың қайғысын қалыңдатып жіберген. Оларды қайткен күнде де әрі жедел құрлыққа жеткізу керек. Белгілісі, Грекия билігі олардың ел аумағында тағы бір қыстап шығуына мұрсат беріп отыр. Босқындардың одан кейінгі тағдыры не болары белгісіз. 

0 пікір
Мұрағат