Түскі асқа алынған жұмыртқаның ішінен балапан шықты
Түскі асқа алынған жұмыртқаның ішінен балапан шықты
9 жыл бұрын 5047

Британиялық студент Шарлотт Суинидің сатып алған жұмыртқасының ішінен шалажансар балапан шыққан. Бұл жайында nur.kz сайты 24 kz арнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Ол жүрек жалғау үшін тамақ әзірлемек болып, бір қорап жұмыртқа сатып алады. Дәмді түскі ас жеуден дәмелі болған бойжеткен асүйде оларды табада қуыру үшін жара бастайды. Бірақ, сол мезетте қыз шошып кетіп, артқа қарай ыршиды. Ыдыста жатқанның шалажансар балапан екендігіне сенер-сенбесін білмеген Шарлоттың тәбеті бірден қашқан. Артынша ол жұмыртқаны сатқан дүкенге қоңырау шалып, болған жағдайды айтады. Ал оған жауап берген сауда орнының өкілі бар болғаны "тұтынушылар сервисіне хабарласыңыз немесе жұмыртқаларды дүкенге қайтарыңыз", - деп жауап беріпті.

0 пікір
Мұрағат