Түсік жасатқандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды
Түсік жасатқандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды
9 жыл бұрын 3052

Ресей Федерациясында түсік жасатқандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды қарастыратын заң жобасы ұсынылды. Бұл жайында «Газета.ру» ақпарат көзі хабар таратты. Депутат  Евгения Федорова түсік жасатқан әйелді және оның серігін бір жылға дейін бас бостандығынан айыруды талап етіп отыр. Сондай-ақ, нақты медициналық себепсіз осындай ота жасаған дәрігер де жазаланатын болады. Аталмыш заң жобасы қабылданатын болса. РФ үкіметі осы мәселеге қатысты сарапшылардың тұжырымымен танысып, түсік жасатқандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға қарсы еместерін білдірді. Статистикалық мәліметке қарағанда, жылына түсік жасатуға шамамен 6 млрд рубль қаржы жұмсалады екен. Медициналық себеппен (әйелдің немесе құрсақтағы шарананың денсаулығына қауіп төнсе, т.б. жағдайлар) жасалатындары ары кеткенде 4-6 пайыздан аспайды.

1 пікір
Мұрағат