Тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардың жойылу мерзімі қандай? Қызықты фактілер
Тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардың жойылу мерзімі қандай? Қызықты фактілер
2 жыл бұрын 3268

Жер бетінде миллиардтаған тонна тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс бар. Жылдан жылға артып келе жатқан қалдықтардың қоршаған орта мен адам денсаулығына қатер төндіруде. Онымен күресу үшін қалдық пен қоқыс өңдейтін зауыттар мен кәсіпорындар да көптеп ашылуда. Соған қарамастан қалдықтар көбеймесе, азаймай отыр. Бұған адамдардың өздері де кінәлі. Қоқысты арнайы жәшіктерге тастамайды немесе басқалай жолмен олардың көзін жоюға талпынбайды. Мұндай қалдықтар мен қоқыстар қанша уақытта өздігінен жойылатыны туралы мынадай қызықты мәліметтер келтіруді жөн көріп отырмыз.

 

Ас қалдықтары

 

Ас қалдықтары бір ай шамасында жойылады.

 

Жануарлардың қиы мен тезегі

Жануарлар мен құстардың саңғырығы мен тезегі өздігінен жойылуы үшін он, он бес күн кететін көрінеді.

 

Газет

 

Газеттің өздігінен жойылу мерзімі 1 айдан 3 айға дейінгі уақытты алады екен.

 

Картон

 

Тауарға қапталатын картонның жойылуы үшін 3-4 ай керек көрінеді.

 

Табиғаттың өзі де қоқыс тастайтыны таңқалдыруы мүмкін. Алайда, шындығы сол. Міне, қараңыз.

 

Қурап, үзіліп түскен жапырақ, құрғақ бұта 3-4 айға дейін жойылмайды.

 

Қағаз

 

Кеңсе қағаздары 2 жылда жойылады.

 

Құрылыс материалдары

 

Тиісінше сақталмаған құрылыс тақтайларының жойылу мерзімі 10 жылға созылуы мүмкін.

 

Темір арматура

 

Құрылысқа арналған темір арматуралары – 11-13 жылда.

 

Консерві қалбырлары

 

Конверві қалбырларының жойылу мерзімі – 10 жыл.

 

Кірпіш пен бетон

 

Кірпіш пен бетоннан тұратын қалдықтар мен қоқыстың жойылуы үшін 100 жыл кетеді.

 

Автокөлік аккумуляторы

 

Жойылу мерзімі – 100 жыл.

 

Фольга

 

100 жылдан асады.

 

Батарейка

 

100 жылдан асады

 

Доңғалақ тысы

 

120-140 жыл кетеді.

 

Қаңылтыр банкілер

 

Жиі кездесеті, тіпті, аяқтың астында оралғы болып жататын тұрмыстық қалдықтардың бірі – қаңылтырлы банкілер жойылуы үшін кем дегенде 500 жыл керек.

 

Шыны

 

Шыны қалдықтарының жойылу мерзімі 1000 жылдан асады. Тіпті, 12-15 ұрпақ ауысқанша жойылмай жата беруі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат