Түркиядағы сириялық босқындар саны 1 000 000 адамнан асып кетті
|

Түркиядағы сириялық босқындар қарасының 1050000 адамға жеткенін мәлімдеді осы ел премьерінің орынбасары Башир Аталай. Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта түрік билігінің пәрменімен құрылған 22 лагерде 218632 сириялық босқынның тұрып жатқаны турасындағы деректі келтірді. Өзгелері ел аумағындағы елдімекендерге орналастырылған. Азаматтық соғыстан Түркияға бас сауғалаған сириялық босқындарға тегін білім беріліп, медициналық қызмет көрсетіледі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісімен айналысатын жоғарғы комиссары басқармасының мәліметі бойынша 2011 жылдың наурыз айыннан осы уақытқа дейін тоғыз миллиондай сириялық өзге елдерге бас сауғалап кеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар

■
АҚШ-тың құмырадан шығарған "жыны"...

■
Өзінің сұрықсыз өмірін 305 мың долларға сатып жіберді...

■
Саудия билігі "Таблиғи жамағаттан" төнер қауіпті атады (видео)

■
Ресей тәліптер қозғалысын террористік ұйым деп танудан бас тартуға дайын

■
Әлі күнге құл иеленушілер мен құлдар елі барын білесіз бе (фото)